ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпДенсаулық

Көптоғай ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Ойыл ауданына жұмыс сапары барысында Ералы Тоғжанов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Көптоғай ауылдық округіне қарасты Көптоғай ауылында облыс әкімі дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты.


Медициналық ғимараттың жалпы ауданы – 1200 шаршы метр. Амбулатория бір ауысымда 50 адамды қабылдай алады. Стационар, стоматология, дәріхана бар. Нысанды салуға және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша заманауи жабдықтармен жабдықтауға 134 млн. теңге бөлінді.
Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірде ауылдық аумақтарды дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша тиімді шаралар қабылданып жатқанын алға тартты. 29 елдімекенде жаңа медициналық мекемелер салынады. Ауданаралық мәртебеге ие болатын Хромтау, Мұғалжар және Шалқар аудандарының ауруханаларында жаңғырту жүргізіледі.


«Бұл амбулаторияны сіздер 10 жыл бойы күттіңіздер. Бүгін біз жаңа нысанды пайдалануға береміз. Өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыру үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.
Көптоғай ауылдық округінде 2700-ге жуық адам тұрады, сондықтан амбулаторияға «Фельдшер сөмкесі» жобасы қажет. Жалпы, өңірде жобаға 134 ауылдық округ қатысады», – деп атап өтті облыс әкімі.
Ауылдық округ арнайы планшет пен сегіз түрлі анализатордан тұратын 8 «Фельдшер сөмкесін» алуды жоспарлап отыр. Оның көмегімен науқасқа электрокардиограмма, спирометрия, жалпы және егжей-тегжейлі қан анализі сияқты зерттеулер жасалады. Диагноз қою, одан әрі емдеу тактикасын айқындау үшін барлық деректер аудандық және облыстық орталықтарға білікті дәрігерлерге жіберіледі.


Нысанның жұмысымен танысу барысында Ералы Тоғжанов медициналық қызметтердің сапасын арттыруды, түрлі дерттерді алдын алуды, оларды ерте сатысында анықталуын күшейтуді тапсырды.
Сапар барысында облыс әкімі, Саралжын ауылдық округінің Кемер ауылындағы Ә.Дербісалин атындағы мектептің базасымен танысты.
Оқу орнында 175 бала оқиды, оның ішінде 6-11 сыныптардың 60 оқушысы – «BILIM ALL» бірегей жобасының қатысушылары.


Өңірлік жобаны іске асыру Қазақстанда алғаш рет Ақтөбе облысында 2022 жылы «Ауыл аманаты» аясында басталды. Мектеп ұстаздарымен әңгімелесу барысында Ералы Тоғжанов шағын жинақты ауыл мектептері оқушыларының білім деңгейін арттыру үшін осы жобаның маңыздылығын атап өтті.
Облыстың үздік мұғалімдері онлайн режимде 5 негізгі пән бойынша 120 шағын жинақты мектептің 10 мыңнан астам оқушысын оқытуда. 4 мың оқушысы бар 84 шағын жинақты мектеп ауылдардың сапалы және жоғары жылдамдықты интернетіне қол жеткізу мәселесін шешкеннен кейін білім беру жобасына енгізіледі.Жоба іске асырылған бірнеше айда ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім деңгейіндегі айырмашылық 15%-дан 11,5%-ға дейін төмендеді.

Басқа жаңалықтар