Әлеумет

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес және 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Ойыл ауданы бойынша Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына байланысты Ойыл аудандық «Ойыл» газетінде әкімдікке кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары, және тәртібі туралы ереже

  1. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру ақ-қара түсті орындауда 1 шаршы см құны – 100 теңге.
  2. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру түрлі- түсті орындауда 1 шаршы см құны – 150 теңге.
  3. Сайлауалды үгіт материалдарын басылым сайтына орналастыру құны – 100 теңге.
  4. Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттың ұсынылатын мәтіндік, фото, т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына ие кандидаттың сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымындағы жарияланымнан алынып тасталады.
  5. Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.
  6. Сайлауалды үгіт материалдарын берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 19 шілде күнгі жергілікті уақытпен сағат 12.00-ге дейін деп белгіленеді.
  7. Макет жасау мен баспа орнын ұсыну үшін 100 пайыздық алдын-ала төлем жасалады.
  8. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру «Сайлау-2021» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың кеңістігіне орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен қоса беріледі.
  9. Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген қолданыстағы заңдарымен анықталады.

Р.S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

«Ойыл газеті» ЖШС

Басқа жаңалықтар