ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
АРТУР АМАНҒОСОВ –ОЙЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай өткен жексенбі күні еліміздің бірнеше ауылдық округінде кезекті ауылдық округ әкімін сайлауы өтті. Солардың бірі Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округінің сайлаушылары өз таңдауларын жасады.
Ресми мәлімет бойынша Ойыл ауылдық округіндегі сайлау учаскесінде 4402 сайлаушы тіркелген. Жексенбі күні олардың 3140-ы өз учаскелеріне барып, өздері қалаған кандидатқа дауыс берді. Еске сала кетсек, Ойыл ауылдық округі әкімдігіне сайлау жарияланғаннан кейін үш кандидат тіркелген еді. Заң аясында үміткерлер немесе олардың сенім білдірген өкілдері белгіленген мерзімде сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Өткен жексенбі күні дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 1932-і Артур Аманғосовқа дауыс берсе, 373-і Медет Сағидановқа, 691-і Мәулен Төремұратовқа дауыс берді. Нәтижесінде сайлаушылардың басым дауысына ие болған Артур Аманғосов Ойыл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.