ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпДенсаулықРухани жаңғыруСпорт

«ЕЛ БОЛАШАҒЫ-САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ»

Өткен апта аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі алаңында «Ел болашағы-салауатты ұрпақ» ұранымен «Денсаулық фестивалі» өтті. Фестивальге аудандағы мекеме басшылары мен қызметкерлерінен бастап, колледж, мектеп оқушыларына дейін белсене қатысты.

Шараға қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев салауатты өмір салтын сақтау мақсатында ауданда атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталса, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрбану Арыстанова денсаулық саласы бойынша мәлімет беріп, жиылған жұртшылықты спортпен

шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Фестиваль соңында жиылған көпшілік аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрасқан Сәрсенғалиевтің нұсқауы

бойынша жаппай спорттық жаттығулар жасады. Ал, аудандық аурухананың мамандары жиылғандардың бой, салмақтарымен бірге қан қысымдарын өлшеп берді.

«Денсаулық Фестивалінің» соңы арқан тартыс, кермеге тартылу, қол күрес ойындарына ұласты.

Сонымен қатар, скандинавтік жүріс марафоны өткізілді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

Басқа жаңалықтар