ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

Бастауыш мектеп — білім баспалдағы

Қаракөл ауылы Сарбие ауылдық округіне қарасты аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен. Бұл елді мекенде орналасқан мемлекеттік жалғыз мекеме — Қаракөл бастауыш мектебі. Қаракөл бастауыш мектебінде білім стандарттарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына білім беру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сай тәрбие жұмыстары жоспарлы жүргізіледі. Елді мекендегі кішкене мектеп болғанымен мұнда балалардың қолайлы білім алуына барлық жағдай жасалған. Мектепте оқушы қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бейне камералар, өрт сөндіру қондырғылары жұмыс жасайды. Биыл мектеп ғимаратының жылу жүйесін жақсарту мақсатында бір жерден жағылатын жылу пеші іске қосылды. Мектептің барлық оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Мектептің асханасына ауылдың шаруа қожалағының басшысы Ж.Бюрин демеушілік жасап, тоңазытқыш алып берді. Оқушы санының аздығына қарамастан әрбір іс-шаралар жоспар бойынша жүргізіледі. 2023-2024 оқу жылының 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша «Бала жарқын болашақ» атты ата-аналарды педагогикалық қолдау жобасы аясында, жаңа форматта ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында «5 қадам», «Қажеттілік аралы», «Ұшып келген хат» әдістері арқылы ата-аналар өз ойларын білдірді.
А. БАТЫРХАНҚЫЗЫ,
мектепалды даярлық мұғалімі.

Басқа жаңалықтар