ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып
“ӘЛЕМНІҢ СЫЙЫ — ӘЙЕЛГЕ!”
ӨМІРДІҢ МӘНІ МЕН СӘНІ – ӘЙЕЛ. ОЛ – ТІРШІЛІКТІҢ ТАМЫРЫ, ШАҢЫРАҚТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ. СОНДЫҚТАН ӘЙЕЛ ЗАТЫНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ, АДАМЗАТ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ МЕН РӨЛІ ЕРЕКШЕ. БІР ҚОЛЫМЕН БЕСІКТІ, ЕКІНШІ ҚОЛЫМЕН ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТКЕН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ – КҮЛЛІ АДАМЗАТТЫҢ ПАРЫЗЫ.
Аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай «Әлемнің сыйы әйелге» атты салтанатты мерекелік шара өтті. Шараны аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы ашып, аналарға, әйелдер қауымына алғыс айтып, көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар аналарға сый-сыяпаттар көрсетіліп, алдымен түрлі салада еңбектерімен көзге түсіп жүрген қыз-келіншектерге облыс әкімінің алғыс хатын табыстап, бір топ әйелдер қауымына өзінің алғыс хатын табыстады.
«Қазақ аналары — Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі Ойыл ауданы филиалының төрайымы Зоя Дауылбаева, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлмира Измағамбетова, жеке кәсіпкер Қымбат Хабиева облыс әкімі Асхат Шахаровтың Алғыс хатымен марапатталды.
Ал, аудан әкімінің Алғыс хатымен аудан көлемінде мәдени шараларға белсенді қатысқаны үшін, мемлекеттік қызметтегі абыройлы еңбегі үшін, білім беру саласындағы абыройлы еңбегі үшін, халыққа қызмет көрсету саласындағы қажырлы еңбегі үшін, ауыл көшелерінің тазалығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін бірқатар азаматшалар марапатталды.
Салтанатты шара әрі қарай халықаралық әйелдер күніне арналған жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.