Әлеумет

Мүмкіндігі шектеулі балалар да мерекеден тыс қалмады

ЕЛОРДАМЫЗДЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАУ, ҰЛЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ӨТКЕН МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ШАРАЛАРДАН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРЫМЫЗДА ТЫС ҚАЛМАДЫ.

Өткен бейсінбіде Ш.Берсиев атындағы өнер және өлке тарихы музейінде Астана күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Арманы асқақ – Астана» атты мәдени – шара өтті. Бүгінгі таңда елдің төрі –барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналған Астанамыз туралы ең алдымен балақайларға  кеңірек  мәліметтер берілді. Сонымен қатар Астана көшелері туралы бейнеслайдты назарларына ұсына отыра, қазақтың белді тұлғалары атындағы 45 көше тізімін балалармен бірге аттарын атады. Әрине бұл баланың зейіні мен оқуға деген талпынысын ашу мақсатындағы дүние. Осыдан кейін балаларды сергіту үшін мультфильммен қатар Астана туралы әуезді әндер ұсынылды. Астананың 20 жылдығына арналған мәдени – шараға демеушілік көрсеткен аудандық жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Еркебұлан Сембіге, «Мейірім» әлеуметтік үйі басшысы Тыныштыбай Шалабаевқа музей директоры Балқия Рысбаева алғысын айта кетті. Шара соңында балаларға шағын сыйлықтармен бірге Астананың көрікті жерлері бейнеленген естелік суреттер табысталды.

Өміргүл ТЕМІРХАН,

Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар