ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

«ЖАС ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЛАРЫ»

2024 жылғы 15 мамыр күні Ойыл ауданының білім бөлімі және Ойыл ауданының полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас жол қозғалысының инспекторлары» облыстық байқауының аудандық байқау слеті өтті.

Байқауға 10 білім беру ұйымының оқушылары қатынасты. Шара барысында оқушылар саптық жүріс, жас санитар, жас реттеуші, жас эрудит, жол ережелері мен белгілерінің білгірлері, велосипедшілер, үздік агет бригадалар кезеңдері бойынша сынаққа түсті.
Байқау
қорытындысында:
3 орын — Құрман орта мектебі.
2 орын — Ж. Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі.
1 орын — Ш. Бекмұхамбетова атындағы МГ.
Басты жүлде Ақтөбе қаласында өтетін облыстық «Жас жол қозғалысының инспекторлары» слетіне жолдамамен Ойыл қазақ орта мектебі марапатталды.
Әр кезең бойынша үздіктер анықталып, естелік сыйлықтар табысталды. Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Ойыл аудандық ауруханасына және аудандық қорғаныс істері бөліміне алғыс білдіреміз.

Басқа жаңалықтар