ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БАЯНДАЛЫП, АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ӨТКЕН АПТА АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ МАРАТ АРЫСТАНОВ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТКЕН ОТЫРЫСҚА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ, АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН БІРҚАТАР БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ.

Отырысқа аудан әкімі Асқар Қазыбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Сәкен Займолдин, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы қатысып, күн тәртібінде Қоғамдық Кеңестің қарауына төрт мәселе ұсынылды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстары және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелер» жайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің бас маманы Мейірхан Шманов тоқталып өтсе, аудан әкімі Асқар Қайырғалиұлы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстардың жайын баяндап, алдағы жоспарларымен таныстырды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың 2023 жылға атқарған жұмыстары туралы аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин баяндамасында еліміздің өркендеуі жолында облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар Ата заңымызды, Президентіміздің стратегиялық даму бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, жұмыс істеп келе жатқандығына кеңірек тоқталды.
Одан кейін жер қатынастар бөлімінің басшысы Мәулен Төремұратов «Жер қатынастары саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер» туралы хабарлама жасады.
Баяндамаларды мұқият тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері бірқатар сауалдарын қойып, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттердің кейбір тұстарын талқылай келе ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Басқа жаңалықтар