ӘкімдікӘлеуметБасты тақырыпСпорт

ЖАСТАР НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЕКЕНДІКТЕРІН БІЛДІРДІ

НАШАҚОРЛЫҚ – АДАМЗАТТЫҢ ҚАС ЖАУЫ. БҮГІНДЕ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ОСЫ ҒАСЫР ДЕРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ТҮРЛІ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫП, МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДІҢ ЖОЛЫН ІЗДЕУДЕ. ЕЛІМІЗДЕ ДЕ НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КЕШЕНДІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛІП КЕЛЕДІ.

Өткен апта Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне жастар арасында шағын футболдан аудандық турнир өтті. Бұл іс-шараның мақсаты жастарды салауатты өмір салтына шақыру, есірткіні қолданбау және нашақорлықпен байланысты қылмыстық істерге бармау секілді ойларды қалыптастыру болды.
Турнирдің ашылу салтанатына Ойыл аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Темірбек Нұрғалиев спортшыларға сәттілік тіледі. Турнирге 8 команда Көкжар, Қымызхана, Ожырай, Ақтөбе, Прайм, Леон, 1996-1997 жылы туғандар, Мәдениет командалары қатысты. Теңбіл допты қарсыластың қақпасына кіргізуге асыққан командалар тартысты ойын көрсетті.
Тартысты ойынның нәтижесінде Ақтөбе қаласынан келген «Қандағаш – Жаңа Құрылыс» командасы үшінші орынға ие болса, «Жұманияз» қымызханасы екінші орынға қол жеткізді. Жарыстың бас жүлдесі ойылдық Көкжар командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен медальдар және сыйлықтар табысталды. Ал, спортты серік еткен азаматтар арасынан Ақтөбеден келген Дәулет Орынбаев «Үздік қақпашы» атанса, қымызхана атынан Қуантқан Шеркешбаев «Үздік қорғаушыға» тиесілі жүлдеге ие болды. Көкжарлық Айбол Бисенбин осы турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.

Басқа жаңалықтар