Басты тақырыпМәдениет

Салтанат пен марапат

 

 

 

Астана мемлекеттік тарихымыздың Ұлы жеңісі. Биыл еңселі Елордамыз Астанаға 20 жыл. Осыған орай «Астана – бақыт бастауы» атты мерекелік шара бізде де, аудан әкімдігінің алдындағы алаңда тойланды. Ең алдымен келген қонақтар Астана туралы бейнебаян көріп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтауын тыңдап, әрмен қарай мәдениет үйінің өнерпаздарының Астана күніне орай дайындаған өнерлерін тамашалады. Осыдан кейін сөз кезегі аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлына берілді. «Астана – Қазақстан тәуелсіздігі мен егемендігінің алтын бесігі. Еліміздің рухани, ғылыми, қаржы және мәдени орталығы деп баса айтып өткен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында Астана қаласының даумына ерекеше көңіл бөліп келеді. Тәуелсіз Отанымыздың айбыны мен мақтанышына айналған Астананың мерейі – барша қазақстандықтардың мақтанышы. Республика халқымен бірге Ойыл ауданының жұртшылығы да сүйікті Астанамыздың туған күнін ерекше ықыласпен атап өтуде. Осы бір тамаша мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт – береке, бірлік, Отанымызға гүлдену мен бейбітшілік тілеймін» — дей келе барша Ойыл жұртшылығын құттықтап , бір топ азаматқа мерекеге орай алғыс хат табыстады.

Алдымен «Астанаға 20 жыл» естелік төсбелгісін облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі Сансызбай Өткелбаев, аудандық соттың төрайымы Сәуле Танимова, «Ербазы» шаруа қожалығының төрағасы Абат Шотановтардың кеуделеріне тақты. Одан соң Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ауданның қоғамдық – саяси және мәдени саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін аудан әкімі Дастан Жарылқасынұлы ҚР Мәдениет қайраткері Амангелді Жұмановты, Денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Жанаргүл Тельжанованы, аудандық кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан еңбегі үшін жеке кәсіпкер Ляззат Абдураимованы, Білім саласындағы абройлы еңбегі үшін Аршат Төреғалиевті, Ұлттық бірыңғай тестілеуде ең үздік нәтиже көрсеткені үшін Ойыл қазақ орта мектебінің түлегі Аружан Мұхамбетжанды, ауданның білім саласында жеткен жоғары жетістіктері үшін Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Бекарыс Аманғос сынды белсенді жастарымызды да назардан тыс қалдырмады. Марапат мұнымен шектелген жоқ. Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Жүректен шыққан жырлар» атты интернет акциясы шығармашылық байқауына қатынасып, жоғары дәрежеде белсенділік танытқаны үшін Шығанқ Берсиев атындағы орта мектебінің түлегі, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе универсететінің 1 курс студенті Жанаргүл Болатқызы, Сапақкөл орта мектебінің оқушысы Жанболат Хасен, Әнуар Дербісалин атындағы Саралжын орта мектебінің түлегі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекттік унверситетінің 2 курс студенті Әсем Ескендіроваларды марапаттады. Айта кететін жайт Астана қаласының 20 жылдығына орай, аудандық мәслихат депутаттары «Бақытты бала» жобасы аясында 14 балаға туристік саяхатқа жолдама табыс етті. Сонымен қатар осы күнмен тұспа — тұс отау көтеріп жатқан Абай Болатов пен Гүлжан Төлеген сынды  жас отбасына неке куәліктері мен кәмелетке толған жастарға жеке куәліктерін табыстағаны да жастар үшін мерекелік қуанышын еселей түскені анық. Мерекелік салтанат соңы театрландырылған көрініс пен көркемөнерпаздар концертімен жалғасты.

Өміргүл ТЕМІРХАН.

Басқа жаңалықтар