Басты тақырып
ҮШ ҰРПАҚТЫҢ ҮНІ
Кәрім Қарасаев — Ойыл ауданы Ақшатау ауылының байырғы тұрғыны. Бүгін ауыл мектебіндегі №395 сайлау учаскесіне баласы Бекжан бақылаушы болғандықтан келіні мен екі немересін ертіп келді. Жасы тоқсанға таяған ақсақал өмірінде бірде-бір сайлаудан қалып көрмепті.
Ауыл мектебінің мұғалімі келіні Жансұлу да дауыс беруге жасы толғалы саяси науқаннан сырт қалмағанын айтады. Немересінің үлкені Мақсұтбек — Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті тарих және дінтану факультетінің төртінші курс студенті болса, Халел Досмұхаметов атындағы Атырау университеті филология факультетінің бірінші курс студені Замира биыл тұңғыш рет дауыс беріп отыр.
Үлгімен үндескен үш ұрпақтың үні – Жаңа Қазақстанның болашағына қосылған жарқын үлес.
Серікбай ҚОЙБАҒАРОВ,
Ойыл ауданы.