ӘлеуметРухани жаңғыруЭкономика

КӘСІПКЕР АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

Кәсіпкерге қолдау көрсету ел экономикасын дамытудың басты қадамы. Түрлі бағдарлама мен оңтайлы жобалардың артқан міндеті де – кәсіп иесінің әлеуетін көтеру, қаржылай демеу. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өз бизнесін ашуға дайын, идеясы бар жастарды қолдауға қашан да дайын!
Осы бағытта мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы үлкен көмек болып отыр. Осы бағдарлама негізінде бизнеспен айналысуға жеңілдетілген несие ұсынылды.
Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы кәсіп бастауды көздеген Әсел Өтениязова аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Жасұлан Ержанов пен кеңесшісі Медет Шаймақовқа алғысын айтты.
— Мен «Ауыл аманаты» бағдарламасымен несие алуды ойлап, алдымен аудандағы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына барып, кеңес сұрадым. Маған ең бірінші бағдарламаның басты мақсатын түсіндіріп, қажетті құжаттардың тізбесін берді. Және сол құжаттарды жинақтауға жәрдем беріп, бизнес-жоспар жасауға көмек берді. Ойымды орындауға «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы несиемді алып, ауданда бұрын қолға алынбаған кілем жуу кәсібін ашып, құрал-жабдықтарымды әкеліп қондырғанша қолдау білдірді, — дейді жас кәсіпкер.
Р.S. Халықты, әсіресе әйелдерді бір бейнеттен құтқарған жас кәсіпкер бүгінде өзі де елдің алғысына бөленіп отыр.
С. ХАМЗИН,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар