ӘлеуметЭкономика

МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСIПТIК ЖƏНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕР ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ 1998 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАҢТАРДАҒЫ №3827 ЖАРЛЫҒЫНА СƏЙКЕС 23 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІ БОЛЫП БЕКІТІЛГЕНІ БЕЛГІЛІ. СОНЫМЕН ҚАТАР 1992 ЖЫЛЫ 23 МАУСЫМДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ КЕҢЕСІ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАҒАН БОЛАТЫН. БҰЛ ТƏУЕЛСІЗ ҚР ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТІН АНЫҚТАЙТЫН АЛҒАШҚЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ БОЛДЫ. АЛ, 2007 ЖЫЛЫ 5 МАУСЫМ КҮНІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ӨЗ ЖАРЛЫҒЫМЕН 23 МАУСЫМДЫ ПОЛИЦИЯ КҮНІ ДЕП БЕКІТТІ. БИЫЛ ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 32 ЖЫЛ ТОЛЫП ОТЫР.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында қос мереке иелерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Аудан басшысы Асқар Қайырғалиұлы елімізде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің тиімділігін, беделін көтеру, халыққа барынша жақын ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай тер төгіп келе жатқан полиция қызметкерлерінің ерен еңбегін атап өтті.
Мерекелік шарада екі саланың тынымсыз еңбек етіп жүрген қызметкерлеріне облыс әкімі Асхат Шахаровтың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Айбек Ақбергенұлының, аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты шарада Ойыл аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы, бас қазынашысы Жаңагүл Дауылова мемлекеттік əкімшілік қызметшісінің антын қабылдады.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін ауданымызда мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер мемлекеттік қызметшілер салтанатты шараның қадірлі қонағы болып, арнайы сый-құрметке ие болса, мемлекеттік қызмет саласына жаңа қадам басқан жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына арнайы аудан әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді.

Басқа жаңалықтар