Әкімдік

АУДАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ ДА НАЗАРЫНДА

Өткен аптада аудандық Қоғамдық штаб төрағасы Сәкен Займолдин бастаған бір топ штаб мүшелері аудан орталығындағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандарға бақылау жүргізді. Қоғамдық штаб мүшелері алдымен халықтың көкейіндегі мәселе — Ойыл ауылына кіре берісіндегі көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
Одан кейін арнаулы топ су тасқынынан зардап шеккендерге арналып салынып жатқан тұрғын үй құрылысының алаңына барды. Мұндағы қарқынды жұмыс көңіл қуантады. Қазір бірнеше үйде соңғы ішкі жұмыстары жүріп жатыр. Бұл да болса, төрт айдан бері лажсыз эвакуациялық пунктті паналап отырған тұрғындардың көңіліне демеу.
Ойыл аудандық оқушылар үйі мен Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне жүргізіліп жатқан және жүргізілетін күрделі жөндеу барысымен танысып, жұмыстың атқарылу барысын бақылады.
Соңында «Amanat» партиясы Ойыл аудандық филиалында жұмыстар сараланып, сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккендерден түскен ұсыныс-пікірлер талқыланды.

Басқа жаңалықтар