ӘлеуметДенсаулық

Интернеттің игілігі – жедел қызмет алу мүмкіндігі

Адамның көп бас сұғатын жері халыққа қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып келеді. Өмірге келгеннен бастап, зейнетке шыққанша халықты керекті құжатпен қамтамасыз ететін орынның талабы қоғамдық сұраныстарға қарай өзгеріп отырады. Қайткенде де тұрғындардың жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылтып, уақытын үнемдеу үшін мемлекеттің заңына сай жұмыстарды жүзеге асырады.

Қазіргі интернеттің дамыған уақытында аудандағы жергілікті халықты электорнды базалық тәртіпке көшіру науқаны жүріп жатыр. Яғни әр адам өзіне керекті құжатты әр мекеме мен әр есікті жағаламай ақ үйде отырып құжаттарын реттей алады. Кестеге сай халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары әр ауылдық округтерде түсінік жұмыстарын жүргізіп отырады. Кеше халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Айбек Бақтыгереев аудандық орталық ауруханасында болып, ондағы аяғы ауыр аналармен кездесіп, балаға туу туралы куәлік алу мемлекеттік көрсетілетін қызметінің оңай әрі тиімді тұстарын түсіндірді. Әр сауалдарға жауап беріп ең бірінші не істеу керектігін, қандай құжаттардың болуы жөнінде айтты.

Ол үшін жас босанатын аналар алдымен жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығына немесе электронды үкімет порталы (EGOV.KZ) арқылы  Mgov мобильдік базасына тіркелу  керек. Азаматшалардың мобильді базасын тіркеу үшін телефон нөмерін қалдырады.  Оған жеке басын куәландыратын құжат болса болды. Ал, интернет арқылы үйден тіркелетіндер электронды сандық қолтаңбасы мен ұялы телефонын тіркейді

Осылай жасаған аналар босанғанда перзентханада отырып ақ  туу туралы куәлікке, балабақшаға тіркеуге, және бала туғанда берілетін бір жолдық жәрдемақы мен бала күтіміне берілетін ай сайынғы  жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Мемлекеттік қызметтің төрт қадамы бойынша негізгі құжаттар реттеліп, әрбір ана интернеттің игілігін көреді.

Егер телефон нөміріңіз тіркелген болса 1414 тен хабарлама келіп түседі.  Содан кейін балаңыздың аты жөнін, тегін жазып, туған жылы айы, күнін жібересіз. Одан әрі хабарлама арқылы жүзеге асырылады. Бір артықшылығы балаңыз балабақшаға тіркеліп, бір жолдық жөргекпұл, бір жасқа дейінгі жәрдемақы алуға қол жеткізе аласыз. Ол үшін алдын ала шот номеріңізді дайындап қоюыңыз керек. Тағы бір қуантарлығы егер бұл туралы толық түсінбей қалсаңыз халыққа қызмет көрсету орталығының маманы барып көмек көрсетеді. Ауруханамен бірлесіп атқарылатын бұл қызмет түрі бір қағаз үшін қайта шапқыламай, сабылысты біршама азайтады. Қазіргі таңда бұл қызметтің игілігін көргендер жыл басынан бері 100 ге жуықтады. Жалпы жоспарлы түрде халықты жаппай электронды қызметке көшіруді жеделдету алдағы уақытта тұрғындардың белсенділігіне байланысты.

Басқа жаңалықтар