Референдум

Референдум демократиялық қоғамның маңызды белгісі болып табылады.

Демократияда биліктің негізгі көзі – халық. Сондықтан маңызды заңдар мен конституциялық өзгерістерді халықтың тікелей дауыс беруі арқылы қабылдау елдегі әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Мұндай үдеріс мемлекеттегі тұрақтылық пен сенімді нығайтады.

Сонымен қатар, референдум халықтың еркін білдірудің заңды әрі бейбіт жолы болып саналады. Азаматтар өз пікірін ашық айтып, көпшіліктің шешімі негізінде ортақ қорытындыға келеді. Бұл қоғамдағы түрлі көзқарастардың ескерілуіне мүмкіндік береді.
Нурбаев Сандібек
Ойыл аудандық мәслихат депутаты

Related Articles

Back to top button