Әлеумет

ДӘСТҮРЛІ ИГІ ІС

Жылда дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы ауданда қарқынды өтуде. Туған жерінің нағыз патриоты, қай кезде де ауылдастарының жанынан табылатын жерлесіміздің осы жолы тағы да қайырымдылығына куә болып отырған жайымыз бар.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» демекші, балалардың болашағына алаңдап, олардың мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал етіп, демеушілік көрсеткен облыстық мәслихат депутаты, «АНВАР» ЖШС директоры Талғат Салфиков биылда жомарттық танытып, аудан бойынша 1 сыныпқа баратын 350 оқушыға мектеп сөмкесі мен оқу құралдар жиынтығын тарту етті. Бұл дәстүрлі игі іс биыл 4-ші рет жалғасын табуда.
P.S. МЕЦЕНАТ АҒАМЫЗДЫҢ ЖОЛДАҒАН ТАРТУЫ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ. ӨЗ КЕЗЕГІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ КҮНІ ТАБЫСТАЛМАҚ.
Г.АБАЙҚЫЗЫ 

Басқа жаңалықтар