ТАЗАЛЫҚҚА ҮН ҚОСҚАН ЖАСТАР

Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмыстарын жүргізді. Акция барысында жастар қоғамдық орындар мен көше бойларын қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға белсене атсалысты. Олар қоршаған ортаның тазалығын сақтаудың маңыздылығын насихаттап, тұрғындарды да туған жердің көркеюіне үлес қосуға шақырды. Экологиялық бастаманың негізгі мақсаты – жастар арасында табиғатқа деген жанашырлық сезімін қалыптастыру, экологиялық мәдениетті арттыру және қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті күшейту.
«Жасыл ел» сарбаздары жыл сайын ауданның көркеюі мен көгалдануына өз үлестерін қосып келеді. Бұл жолғы акция да олардың табиғатты қорғау ісіне бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, туған жердің тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ парызы мен міндеті.



