Әлеумет

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ҮШІН БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҢ МАҢЫЗЫ АЙРЫҚША

Мемлекет басшысының жолдауында айтылғандардың ішінде бұқаралық спортты дамыту мәселесі де бар. Әлем елдерінде де кеңінен насихатталатын және жүйелі түрде қолдау табатын спорттық іс-шара – бұқаралық спорт.

Бұқара дегеніміздің өзі – халық. Ал бұқаралық спорт – халықты дене шынықтыру, түрлі жаттығуға тарту дегенді білдіреді.
Әуесқой спорт түрі спорттың бір түрімен шұғылданып, жеңіл және ауыр жаттығулар өткізіп, спорттық дәрежеге қол жеткізген адамды айтамыз. Олар әлемдік аренада өнер көрсетіп, әлем, Олимпиада ойындарында жүлдеге қол жеткізгендер. Дене шынықтырумен кез келген адам айналысуы керек.
Аудан спортына келетін болсақ, аудан орталығында 392,619 млн.теңгеге (РБ-353,891 млн.т; ОБ-24,728 млн.т, АБ-14,0 млн.т) дене шынықтыру — сауықтыру кешені және Қаратал ауылына спорт зал құрылысына «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша 225,615 млн.теңге, облыстық бюджеттен 37,052 млн. теңге қаражат бөлініп ауыл тұрғындары, жастар, оқушылардың спортқа деген қызығушылығы, ауылдық жерлерде спорттың дамуына қолдау көрсетілуде. Ауылдық округтер мен елді мекендерде шағын футбол алаңдары орнатылды.
Көрсеткішке қарасақ, спортқа келушілердің қатары көңіл көншітеді.
Қазіргі таңда ауданның жастары жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Жекпе-жектен екі дүркін әлем чемионы Ұлан Мұқашев, самбо күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бекзат Мұханбетов, гір спортынан әлем чемпионатының күміс, қола жүлдегері Айтқали Балтабаев, волейболдан Асылхан Ізбергенұлы Ұлттық лига «Ақтөбе» волейбол клубының мүшесі, 21 жасқа дейінгі ҚР жоғарғы лигасының чемпионы, чемпионаттың үздік ойыншысы, 20 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, әлем чемпионатына жолдама иегері. Аудан жастар құрама командасы облыстық волейбол жарысының 4 дүркін жеңімпаздары.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жастарымыздың дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айырықша деп атап өтті.

Бақберген МҰХАМБЕТҚАЛИ,
Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар