«Қамқор» акциясы Тұжырымдама тұрғындардың тұрмысын арттыруға сеп болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін 2023 жылдың соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Еңбек және жұмыспен қамтудың халықаралық стандарттарын ескере отырып әзірленген құжаттағы іс-шаралар негізінен халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобының әлеуетін арттыруға бағытталып отыр.
Яғни, тұжырымдамада халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің алғышарттары белгіленген.
Сондықтан, Ойыл ауданының мансап орталығының мамандары «Қамқор» акциясы бойынша «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Ойыл селосындағы мекемелерді аралап, жолыққан азаматтар мен азаматшаларға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үлестірме материалдар ұсынды.