Экономика

АЭС ҚҰРЛЫСЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ ЗЕРТТЕЛІП БАРЫП ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

АЭС-тың ғылым саласына әкелетін ұшаң-теңіз пайдасы бар екендігі бәріңізге белгілі.
Аталған жоба елдің ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетін өсіріп, еліміздің ғылым саласына жаңа технологиялар енгізу сияқты оң өзгерістер әкеледі.

АЭС — салуда да, әртүрлі пікір мен әртүрлі көзқарас бар. Бірақ таңдау халықтың еншісінде. Бар болғаны референдумда қойылатын екі сұрақтың біріне жауап беріп, нақты таңдауыңызды жасай аласыз.
Бір ғана мысал: жарты сағат жарықсыз отырасыз ба?! Жоқ. Жарықсыз яғни энергия көзінсіз біздің өмір сүру сапамыз болмайды.
Тағы бір мысал: күнделікті ұялы телефоннан алып жатқан радиациялық зиян жоқ па?
Әрине ұялы телефон өте зиян.
Сол сияқты жаңа заманда, жаңа технологиямен, барынша қауіпсіз орта қалыптастыру арқылы салынатын АЭС құрлысы толыққанды зерттеліп барып жүзеге асатыны бәрімізге мәлім.
Жангүл Ізғарина
Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

Басқа жаңалықтар