МәдениетРухани жаңғыру

Болашақ ұрпақ

Келер күннің бар үмітін арқалап,
Жаңа тыныс, жаңа буын жарар бүр!
Күллі қазақ, Еуропа мен шартарап,
Әлем таныр, жас ұрпақты қалап жүр!

Бар байлық та, болашақ та,арман да,
Келешекке саған үлкен бастама!
Берген барлық мүмкіндікті қолдан да,
Оны дамыт, сен де үйрет басқаға!

Сен де дамы, әлем сонда өзгерер,
Заман керуен, өз көшіне ілес дер!
Өзгергенді құлақ естір, көз көрер,
Керегіңді ал, бұл майданнан күрескер.

Тас түнекті жарып шығар нұры бар,
Ата-баба бар сенімі ақталар.
Мағжан, Ахмет, Міржақыптай ұлылар
Ізін жалғар келешекпен мақтанар.

Елмен, ұлтпен, өз халқымен жараса,
Атқан әр таң жақсылықтың анасы.
Болашақпен бүршік атқан таласа
Қайырлы таң, қазағымның баласы!

Айжаным ТӨЛЕГЕНОВА,
Теректі негізгі мектебінің
9-сынып оқушысы.

Басқа жаңалықтар