Әкімдік

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ

Республика күніне орай еліміздің дамуына еселі еңбек сіңірген және «AMANAT» партиясының стратегиялық бағытын қолдап, оның бағдарламалық міндеттері мен жобаларын іске асыруға белсене атсалысқан партияластарымызды марапаттау игі дәстүрге айналды. Осыған байланысты мереке қарсаңында «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов бірнеше азаматқа партиялық наградалар салтанатты түрде тапсырды. Алдымен Астана қаласында біздің ауданнан партия қызметіне атсалысып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикасы және қоғамдық-саяси дамуына елеулі үлес қосып келген аманаттық депутаттар- Ойыл аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің қолынан «Белсенді қызметі үшін» партиялық төсбелгісін алған болса, ал, Сәндібек Нұрбаев Ербол Данағұловтың табыстауымен партияның ең жоғарғы наградасын иеленді.

Басқа жаңалықтар