ӘкімдікЭкономика
ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ
15 ҚАРАША – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ! ОСЫДАН 1993 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗ ВАЛЮТАСЫ АЙНАЛЫМҒА ЕНГІЗІЛІП, БҰЛ КҮН ЕЛ ТАРИХЫНДА МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ҚАЛДЫ. СОДАН БЕРІ БҰЛ КҮН ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗДІҢ ТУҒАН КҮНІ. БҮГІНГІ ТАҢДА ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ, ЕГЕМЕНДІК СИМВОЛЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРИХЫ МЕН БОЛАШАҒЫНЫҢ ТОЛЫҚҚАНДЫ БӨЛІГІ.
Өткен апта аудан әкімдігінде 15 қараша Ұлттық валюта күніне орай аудандағы экономика және қаржы бөлімі қызметкерлерін қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев «Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз біздің ауданның экономикалық дамуында, бюджетті тиімді басқаруда және қаржылық тәртіпті сақтауда айрықша маңызға ие. Осындай айтулы мерекеде Сіздерге экономика мен қаржы саласындағы жауапкершілікті сезініп, кәсіби шеберлікпен қызмет атқарып жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін,- деп жылы лебізін білдірді.
Мерекеде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар қызметкерлер марапатталып, құрметке ие болды.
Сөз соңында қаржы саласының қызметкерлері бір-бірін мерекесімен құттықтап, осылайша еңбектерін елеп жатқан аудан әкіміне алғыстарын жеткізді.
P.S Сонымен қатар айтулы мерекеде «Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімінің» бас маманы Серік Нұғыманов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Әбдікәрімовтың Алғыс хатымен марапатталды.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ