Мәдениет

Жастар жағажайда бас қосты.

Сейсенбі күні жағажай маңында «Жастар саясаты» бағдарламасын жүзеге асыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы мәдениет және демалыс орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Көңілді мәре» атты жарыс өтті. Оған қазіргі таңда жұмысқа енді араласып жүрген жас мамандар белсенділік танытып спорттық жағынан да қырларын көрсетті. Әсіресе ойынның соңғы бөлімі өте қызықты болды. Еркін тақырыпта құмнан мүсін жасап, бір суретті бейнелеп шығару кезінде «Қараой» командасы кішігірім қалашықтың саябағы мен жағажайын суреттесе, «Сұңқар» командасы тасбақа мен қолтырауынды бейнеледі. Осылай екі команданың да ұшқыр ойлары қазыларды тәнті қылды. Ойын соңы өз мәресіне жетіп «Сұңқар» және «Қараойлықтар» болып бақ сынаған екі команда да тең түсіп алғыс хаттармен марапатталды.

Осындай бағытта дүйсенбі  күні жастардың бос уақыттың тиімді өткізуге байланысты «Street workout» қозғалысы өткізілді. Ептілік пен шапшаңдықты қажет ететін сайысқа белсенді қатынасқан жастар назардан тыс қалған жоқ. Нәтижесінде Шыңғысхан Шалабаев, Қуандық Ізбасқанов пенАбай Орынбасаровтар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды. Салауатты өмір салтын ұстану әрбір адамның өзінің қолында. Десек те, осындай игі істердің көбеюі жастардың салауатты өмірге ұмтылуына жол ашары анық.

Өміргүл Темірхан.    

 

Басқа жаңалықтар