Басты тақырып

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Кеше ауданымызға арнайы іссапармен «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мухтарита Сағындықова келді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлермен кездескен Мухтарита Мұханбетқалиқызы «Қызмет» салалық кәсіподағы алдында тұрған міндеттеріне тоқталып, аудандағы мемлекеттік қызметкерлермен ашық сұхбат құрды.

Кездесу жиынында аудан әкімі Асқар Қазыбаев мемлекеттік қызметтің маңыздылығын түсіндіріп, олардың еңбек жағдайын жақсартуды ұйымдастыруға және құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге, еңбек тәртібін сақтауы жөнінде әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, аудан әкімі мен «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мухтарита Сағындықова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл маңызды құжат аясында мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау бағытындағы жұмыстарды бірлесе жүргізетін болады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар