ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

ТӘРБИЕНІҢ «ТІЗГІНІН» ТЕҢ ҰСТАСАҚ…

Өткен аптада аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Балаларға қатыгездікпен және немқұрайлықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару, ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатындағы жиынға аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудан прокуроры Ақеділ Үсенов, аудандық соттың судьясы Айдана Төремұратова, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ардақ Қангелдин, аудандық аурухананың бас дәрігері Сәндібек Нұрбаевтар қатысып, ойларын ортаға салды.


Алдымен “Ойыл ауданының білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігінің сақталу жағдайлары мен құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары туралы” аудандық білім бөлімінің әдіскері Алтынай Наурызова баяндаса, «Кәмелетке толмаған оқушылардың құқықтарының қорғалуы» аудан прокуроры Ақеділ Үсенов баяндама жасады.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ардақ Қангелдин болса, интернет алаяқтарының торынан сақтау жолдарын түсіндірсе, балаларға ұялы байланыс құралдары арқылы келетін қауіптің алдын-алу туралы аудандық соттың судьясы Айдана Төремұратова айтты.

Ал, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстары мен қазіргі ахуал туралы» аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Таңат Құбышев жеткізді.


Ата-аналар тарапынан бүгінгі күнгі өзекті мәселелерге орай бірнеше сауалдар қойылып, сала мамандары мен аудан басшысы және аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Меруенов жауап берді.

Басқа жаңалықтар