Наурыз мейрамы — ұлттық бірліктің символы
17 наурыз - Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні. Ол халқымыздың бай мұрасын, салт-дәстүрін дәріптеуге, мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

Наурызнаманың онкүндігіне сай «Асанәлі» бөбекжай-бақшасының ұйымдастыруымен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты мерекелік шара ұлы дәстүрді жалғастырды. Алдымен келген жұртшылықты Ойыл ауылдық округінің әкімі Рүстем Сағынғалиев құттықтап, ізгі ақ тілегін білдірді.
Наурыз мейрамы аясында қатысушыларға көптеген қызықты іс-шаралар ұсынылды.
Ұлттық көріністер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін көріністер қойылып, ата-бабаларымыздың өмір салты сахналанды. Дәмнен шашу — Наурыз мейрамының басты тағамы наурыз көже мен ұлттық тағамдар дайындалып, келген қонақтарға ұсынылды. Мерекелік концерт ұлттық әндер мен күйлер орындалып, өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.Ұлттық ойындар арқан тарту, қол күрес, гір көтеру сынды дәстүрлі ойындар ұйымдастырылды. Бұл шаралар жастардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтарға ие болды.