Мәдениет
“КҮЙ КҮМБІРІНЕ” – БІЗДІҢ ҮЛЕС
Республикалық “күй күмбірі” ұлттық челленджіне ойыл аудандық балалар музыка мектебінің «домбыра» бөлімінің ұстаздары мен оқушылары ДА қатысты.

2025 жылғы 20 наурызда сағат 11:00-де Қазақстанның барлық мектептерінде, колледждерінде және қосымша білім беру ұйымдарында домбыраның сырлы әуені шарықтады.
Наурыз мерекесі қарсаңында еліміздің мектеп оқушыларын, педагогтерін және ата-аналарын біріктіретін ерекше музыкалық челлендж өтті.
«Күй күмбірі» челленджі — бұл жәй ғана акция емес, ұлттық музыканы дәріптейтін, домбыра өнерін насихаттайтын және ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын үлкен мәдени шара.