Басты тақырыпМәдениетРухани жаңғыру
Музей қоры құнды суреттермен толықты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамның рухани-мәдени жаңғыруын көздейтін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет, егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайтындығын атап көрсетті.
Осы мақсатта тарихымызда, соның ішінде өз өлкеміздегі осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің, соның ішінде жәдігерлер кешенін, мавзолейлер мен ежелгі тарихи ескерткіштер, кесенелер мен қорымдар, киелі мекендер және басқа да тарихи жерлерді сабақтастыра отыра зерттеу – аудандық музейдің басты мақсаты болып табылады.
Жыл басынан басталған «Рухани жаңғыру» аясындағы жұмыс – екі облыс арасындағы өзара мәдени, рухани байланыстың тамырын нақты көрсетуде. Жақын арада Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Мәңгілік Ел» ғылыми-зерттеу орталығының директоры , қоғамтану, советтік право мұғалімі Ахмет Аққали Қабижанұлы «Көкжар жәрмеңкесіне» байланысты Санкт-Петербург қаласы мемлекеттік архивінен табылған өте құнды фотоқұжаттарды аудан музейіне тарту етті. Біз қазақ елі мен жеріне, мәдениетіне шынайы патриотизм көрсете білген Аққали Қабижанұлына алғыс айта отырып, аудан жұртшылығымен де үлкен қуанышымыз, құнды жәдігерлермен бөлісейік деп шештік.
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысуды әлі де жалғастыра береді.
Б.РЫСБАЕВА,
Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі.