Басты тақырыпСпорт

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасы 12 мамырда Мәртөк ауданында қазақша күрес және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен бастау алып, 19 мамыр күні Хромтау ауданында волейболдан өз жалғасын тапқан болатын. Осыдан кейін 26-28 мамыр аралығында Ақтөбе қаласында жүзу, үстел теннисі, шағын футбол спорт түрлерінен жарыс өткізіліп, мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.
Спартакиада қорытындысы бойынша ауданымыздан қатынасқан мемлекеттік қызметшілер арасынан облысымызда ауданның намысын қорғап, нәтижелі жетістікке жеткен мемлекеттік қызметшілер бар. «Бильярд» спорт түрінен жүлделі І орын Қараой ауылдық округінің әкімі Айбек Сұлтанов, «Үстел теннисі» әйелдер арасында І орын аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Света Шамаева және аудандық ішкі саясат, мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Темірлан Тумышов «Үстел теннисі» ерлер арасында ІІІ орынды иеленіп, жеңіспен оралды.

Басқа жаңалықтар