Әлеумет
Әлішердің алғашқы дауыс беруі
Әлішер — Ойылдағы іргелі әулет – Бақтыгереевтер отбасының бір мүшесі. 18-ге осы қыста толды. Алғаш рет дауыс беруге өзі тіркелген №391 референдум учаскесіне келіп тұрғанда кездестірдік. Арнаулы сыйлыққа ие болған жас сайлаушының біз пікірін сұрадық.
- Осы қоғамның мүшесі ретінде мен мемлекетте болып жатқан өзгеріске бей-жай қарай алмаймын. Қазақстанның болашағы біздің белсенділігімізге байланысты. Елімнің кәдесіне «бір кірпіш» болып қалану үшін бүгін өз таңдауымды жасадым. Бұл «Жаңа Қазақстанды» құруға атсалысудағы алғашқы қадамым деп ойлаймын.
С.ҚОЙБАҒАРОВ.