ОЙЫЛДЫҢ БҮЛДІРШІНДЕРІ ЕНДІ СТАМБУЛДЫҢ ТӨРІНДЕ ӘН ШЫРҚАЙДЫ!

Қараша айының ортасында еліміздің алты қаласында «ZHULDIZ festival 2025» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған көпжанрлы
Республикалық шығармашылық байқауы өткен болатын. Аймақтық байқаудың біреуі Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы драма театрында өтті.
Жалпы бұл байқаудың басты ерекшелігі — Гран при иегерлеріне Түркияның Стамбул қаласында өтетін Қазақстан-Түркия елдерінің бірігіп ұйымдастыруымен өтетін “Stambul ART FEST 2026” халықаралық байқауына жолдама беріледі.
Аймақтардағы талантты балаларды барынша қолдауды көздейтін байқау негізінен мульти-жанрлық әуесқой өнердегі балалардың шығармашылық әлеуетін ашып, жобаларын жүзеге асыруды қолдау үшін құрылған көркем сурет, қолөнер, мәнерлеп оқу, вокал, хореография, театр өнері және аспапта ойнау сияқты
бірнеше жанрды қамтитын ауқымды жоба. Осы байқаудың Ақтөбе қаласында өткен турына Ойыл аудандық балалар музыка мектебінен “Эстрадалық вокал”, “Академиялық вокал” бөлімдерінен оқушылар қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде Бұлбұл Шаутенованың дайындаған “Эстрадалық вокал” бөлімінің оқушылары (трио) Аделья Алтаева, Нәзік Дарханқызы, Жұлдызай Айбековалар жүлделі II орынға ие болса, (квартет) Сабина Аймұханова, Жұлдызай Жәнібек, Медина Ерғали, Айкөркем Амангелдиевалар жүлделі I орынға ие болды. Сондай-ақ, Манаргүл Беркінқызының жеткешілігімен дайындалған “Академиялық вокал” класының оқушылары Нұрали Дәулетқалиев, Көптілеу Әділбаев, Сағидолла Ерсайындар трио жанрында жүлделі II орын алса, жұптасып ән шырқаған Мерейім Абзалова мен Айару Болат жүлделі III орынға ие болса, Айжұлдыз Маденбаева да жүлделі IIорынға ие болды.
Ал Манар Беркінқызының дайындаған Дана Саматқызы, Көзайым Аққайыр, Ақкербез Құралқызы мен Бұлбұл Боранбайқызы жетекшілік ететін Айдархан Темірланұлы жеке дауыста ән шырқап, байқаудың Гран приін жеңіп алды. Сонымен қатарбайқаудың басты мақсаты — Стамбул қаласында Қазақстан-Түркия елдерінің бірігіп ұйымдастыруымен өтетін “Stambul ART FEST 2026” халықаралық байқауына жолдамаға ие болды. Айта кететін жайт, Әзербайжан елі,Баку қаласында өткен халықаралық өнер байқауындада Манаргүл Беркінқызы Көзайым Аққайыр және Дана Саматқызы оқушыларымен барып, жұлдызды додада ауданымыздың намысын қорғап 3 орынды қанжығаға байлап келген болатын.
С.ХАМЗИН,
Ойыл селосы.



