Экономика

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ЖИЫНЫ ОСЫМЕН БЕСІНШІ РЕТ ШАҚЫРЫЛДЫ Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті боларына сенемін.

Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Бұл форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы — Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы — Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей Атырау аймағында ұйымдастырылды. Ал былтыр тарихы бай Көкшетау төрінде жиналды.

Енді міне, қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отыр. Бұл — халқымыз үшін орны ерекше аймақ. «Сыр — Алаштың анасы» деген аталы сөз бар. Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршынкент қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорданы сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы дей аламыз. Бұл шаһардың тарихи мән-маңызы айрықша. Оның осыдан бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғаны баршаға мәлім. Бұл жерде еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданды.

Ақеділов Өркен
Ойыл аудандық мәслихат депутаты

Related Articles

Back to top button