Әлеумет
«ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ» «КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» ҮШІН
Жуырда аудан әкімдігінде «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек: «Қоғамдық бақылау» партиялық бағдарламасын жүзеге асыру шараларына сәйкес аудан аймағындағы атқарылатын жұмыстары туралы дөңгелек үстел өтті. Отырысты ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркін Жиеналин және «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Қалижан Өтемұратов арнайы қатысып хабарлама жасады.
«Құрметті қатысушылар! Халықтың іс-қимылы шектеулі топтары үшін қол жетімді орта құру мәселелері негізінен мына нормативтік құқықтық актілерімен айқындалғанын сіздердің назарларыңызға алуларыңызды сұраймын:
ҚР 2015 жылғы 20 ақпандағы №288 – V Заңымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында 2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йоркте қабылданған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция» (бұдан әрі –Конвенция) ратификацияланған. Осыған орай, Қазақстан халықаралық қоғамдастық алдында мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы өзіне міндеттемелер алды, сондай-ақ 2019 жылы Қазақстан Республикасы алдында БҰҰ алдында Конвенцияны орындау бойынша алынған шаралар туралы баяндамасын қорғау қарастырылған. «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңының 25 бабының 3 тармағында «..заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттарға.. кедергісіз кіріп-шығуына, жүріп-тұруына мемлекеттік стандарттарға сәйкес жағдай жасауға міндетті» және 14 бабының 2 тармақшасына сәйкес, ҚР-нда мүгедектердің әлеуметтiк инфрақүрылым объектiлерiне кiрiп-шығуын қамтамасыз етуге құқылы екендігі көрсетілген. Осы Заңды жүзеге асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №213 Қаулысымен қабылданған «ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 3-ші кезеңінде, яғни 2016-2018 жылдарында қамтылған, қаулының 7 тармағында «Өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттау мен бейімдеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша облыстар мен аудандар әкімдерінің жауапты орындаушылары екендігі көрсетілген.Өз кезегінде Үкіметтің осы қаулысының орындалуы үстіміздегі жылы аяқталады» деп қолжетімділіктің қызмет көрсету аймақтарына сәйкес келуі бойынша Ережелер жинағының тармақтарын көрсете отырып жан-жақты тоқталып өтті.
Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім басшылары болып, күн тәртібіндегі мәселеге сай пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Олар аудан бойынша бейімделуге жатқызылған нысандар тізімі аудан әкімімен бекітілгендігі, бірқатар нысандарға атқарылар жұмыстарға күрделі бюджеттік тиісті қаржылардың бөлінуі ретіне қарай орындалатындығы, алдағы уақытта құрылыс бөлімі тарапынан бейімделетін объектілерге қатысты осы мекемелер басшыларына кұрылыс нормалары мен ережелерінің негіздері түсіндірілетіндігі, партияның «Кедергісіз келешек» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты кәсіпкерлік субъек тілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетіндіктері туралы бөлісті.
Отырыс соңында мемлекеттік қызмет көрсететін бөлім дер мен дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар көтерілген тақырыпқа орай талдау жасап, бір ауыздан шешім қабылдады.