Референдум

Бірлескен кездесу — ашық диалог

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Ойыл аудандық коалиция мүшелері Қараой ауылдық округіне қарасты Қараой және Құбасай ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен бірлескен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының маңызы мен саяси сипаты жан-жақты түсіндірілді. Спикерлер Ата заңда заң үстемдігін нығайту, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту бағытындағы өзгерістерге тоқталды. Сонымен қатар, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру арқылы ауыл тұрғындарының өңірлік мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндігі кеңейетіні атап өтілді.

Аграрлық салаға қатысты нормалар да кеңінен қозғалды. Жер мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығын дамытуға құқықтық негіз қалыптастыру және ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғау – ауылдық аймақтар үшін аса маңызды бағыт екені айтылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Коалиция мүшелері барлық сауалдарға нақты жауап беріп, жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін стратегиялық маңызын жеткізді.

Back to top button