Әлеумет
Әкім қариялармен көрісті
Біздің өңірде Наурыз 14-і күні басталады. Қай уақыттан екенін дәл ешкім тап басып айта алмайды. Сондықтан, қандай уақыт болса да, қалыптасқан дәстүрден аттамаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев дәл сол күні Ойылдың үлкен қарияларына сәлем беріп, көрісіп шықты.
Алдымен ардагер ұстаз Рухан Алманиязоваға сәлем берді. Тоқсанға таяса да жадынан жаңылмаған, есте сақтау қабылетімен бізді «сүріндірген» апай өзімен тете, алғашқы шәкірттерінің атын жаңылмай айтқанда, таңданбасқа амал болмады. Наурыз көже мен ақ дәмін ұсынып, жастарға ақ батасын берген ана Ойылдың бүгінгі келбетіне шынайы ризашылығын білдірді.
Одан соң аудан басшысы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы тыл ардагерлері Нұрсұлтан Базаров пен Мұқаш Шаймақов және еңбек ардагері Өтеген Сағатовтардың отбасына барып, көрісті.