Әлеумет

Жарықтанған мұнара — Ойылдың «темірқазығы»

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өткен жұма күнгі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек екендігін және келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған болатын. Расымен де, биыл елімізде көптеген игі іс-шаралар жастар үшін қолжетімді бола бастады. Жаңа мүмкіндіктермен қатар баспана мәселесі және аудандағы, ауылдағы жастардың белсенділігі арттыру мақсатында жастардың бас қосуына ыңғайлы орындар да ашылып жатыр. Енді олардың қатарына Қарауылтөбедегі мұнара да қосылады. Алыстан шамдары жарқыраған мұнара енді түнде Ойылдың «темірқазығы» сияқты бағдар беріп тұрады. Аудандағы мәдениет жанашырлары мен мәдениет қызметкерлерінің күшімен «Туған жерге тағзым» акциясының аясында биіктігі 45 метр мұнараны жарықтандыруға 1 миллион теңге жұмсалды.

Басқа жаңалықтар