ӘкімдікӘлеуметБасты тақырып

Басты бағдар

Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын оқып, танысып шықтым.

Сұхбатта ең алдымен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік қорғалуына, тұтас ұлттың өсіп-өркендеуіне басымдық берілген, сондай-ақ 2023 жылғы қыркүйектегі Жолдауында айтылған жаңа экономикалық үлгідегі көріністердің де басты бағдар ретінде жалғасатыны жөнінде айтылған.
Ел Президенті биыл әдебиет, мәдениет, ғылым салалары бойынша бірнеше тұлғаның мерейтойын атап өтіп, жоғары деңгейде іс-шараларды ұйымдастырып қана қоймай, олардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізетіндігіне тоқталды. Атап айтсақ, қазақтың біртуар тұлғалары Тұрар Рысқұлов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфулиннің туғанына 130 жыл, Қаныш Сәтбаев, Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толады.
Олардың арасында Ақтөбенің перзенттері де бары, яғни жалпыұлттық шараларға біздің облыстың да атсалысатыны қуантады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы сұхбатта ел тарихындағы қасіретті Қаңтар оқиғасының себебі мен салдарын ашып айтып, ұлттық идеологияны дамыту жолындағы бағыттарға тоқталды.
«Ұлтымыз өсіп-өркендесін десек, біз жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз керек.
Қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс. Сондай-ақ өмірге деген байсалды және байыпты көзқарас басым болғаны жөн», — деді Президент.
Біз өз тарапымыздан жалпыұлттық құндылықтар негізінде халықтық өнердің туын биікке көтеріп, оның қадір-қасиетін арттыруға бағытталған міндет-мақсаттарымыз жолындағы жұмысымызды өрістете береміз.
Гүлнар СЕЙТАЛИНА,
облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары

Басқа жаңалықтар