Әлеумет

МЕДИАТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТІ — ДАУ-ДАМАЙСЫЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Өткен аптада Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құрания Аймағанбетов пен Ақтөбе облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінінің заңгер сарапшысы, медиатор Есенбол Әзиев аудан орталығындағы және әр ауылдық округтен келген қоғамдық медиаторлармен кездесті. Оған аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев қатынасып, қоғамдағы медиаторлардың рөлі жайында әңгіме өрбітті. Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құрания Мағауияұлы бала тәрбиелеуде, отбасылық жағдайларда жіберетін қателіктіктердің салдарынан шығатын айқай-шудың соңын сотқа жеткізбей екі тарапты мәмілеге келтіру, тіл табыса білу осы медиаторлардың шеберлігіне байланысты екенін айтып, дауды шешудің оңтайлы тәсілдеріне мысалдар келтірді. Ақтөбе облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің заңгер сарапшысы, медиатор Есенбол Әзиев жоғарыда аталған бағыттағы жұмыстарды жүргізу кезіндегі өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, «Баланы жастан» бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, оның тәртібіне тал бесіктен мән беру керектігін түсіндірді. Егер бір түйіткілді жағдай мектепте, ауруханада орын алса, осы салада қызмет еткен, өмірлік тәжірибесі бар, екі тарапты да түсіне алатын жандарды медиатор қызметіне алу керектігі айтылды.

Осылайша біздің аудандағы Меруерт Ғаббасова бастаған медиаторлар қоғамдағы мәселелерді көтеріп, дау-дамайлардың шешілу жолдарын талқылады.

Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар