Референдум
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің дамуы оның құқықтық негізіне тікелей байланысты.

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының Ата Заңы – еліміздің саяси тұрақтылығы мен қоғамдық келісімінің басты кепілі. Сондықтан мен Ата Заңның жобасын қолдаймын және оны мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды құжат деп санаймын.
Конституция – мемлекеттің стратегиялық даму бағытын айқындайтын негізгі заң. Онда мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халық екендігі нақты көрсетілген. Бұл қағида демократиялық құндылықтардың орнығуына негіз болады. Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы жария етілуі – өркениетті қоғамның басты белгісі. Заң алдында барлығының тең болуы – әділетті мемлекеттің айғағы.
Омарова Әлия Едігеқызы — Көптоғай ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы



