Референдум

15 наурыздағы референдум – ел дамуының жаңа бағыты

15 наурызда өткен референдум – ел тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл күн тек саяси шара ретінде ғана емес, халықтың өз болашағына деген жауапкершілігін айқындаған сәт ретінде ерекшеленеді. Референдум – азаматтардың тікелей дауыс беру арқылы мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуы. Сондықтан оның мәні терең әрі ауқымды.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында референдум ерекше рөл атқарды. 1995 жылы бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің құқықтық негізін қалады. Бұл құжат мемлекеттік басқару жүйесін айқындап, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтты. Кейінгі жылдары жүргізілген реформалар да халық пікірін ескеруге бағытталды.
Ойылханова Венера
Ойыл аудандық ішкі саясат маманы

Related Articles

Back to top button