Референдум

Ата Заң жобасын қолдау – тұрақты дамудың стратегиялық қадамы

Ата Заң – мемлекеттің саяси-құқықтық жүйесінің алтын діңгегі. Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде орнығуы мен әлемдік қауымдастықта беделінің артуы 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде жүзеге асты. Бұл құжат ел дамуының басты бағыттарын айқындап, қоғам өмірінің барлық саласына құқықтық бағдар берді.

Қазіргі кезеңде Ата Заң жобасын қолдау – елдің стратегиялық дамуына серпін беру деген сөз. Уақыт өткен сайын қоғамдық қатынастар күрделеніп, жаңа талаптар мен міндеттер туындайды. Сондықтан Конституцияны жетілдіру – заман талабына сай жаңғырудың заңды әрі қажетті қадамы. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттырып, басқару тиімділігін күшейтеді.

Маратқызы Назерке — Ойыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы.

Related Articles

Back to top button