Референдум

Ата Заң жобасын қолдау – елдің тұрақтылығы мен болашағына сенім білдіру

Әрбір тәуелсіз мемлекеттің тірегі – оның Ата Заңы. Конституция елдің саяси бағытын айқындап қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепіліне айналады. Сондықтан Ата Заң жобасын қолдау – бұл жай ғана саяси қадам емес, елдің тұрақтылығы мен жарқын болашағына деген сенімнің көрінісі.

Қазақстан үшін Конституцияның орны айрықша. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз еліміздің құқықтық негізін қалыптастырып, мемлекеттік басқару жүйесін нығайтты. Бұл құжат қоғамдағы келісім мен бірліктің, заң үстемдігінің берік тұғырына айналды. Уақыт талабына сай ұсынылып отырған жаңа өзгерістер мен толықтырулар да мемлекетті одан әрі жаңғыртуға бағытталған.
Ғазиз Аңсаған
Жастар ресурстық орталығы маманы

Related Articles

Back to top button