Әлеумет
Ауыл шаруашылығы күні ойыл үшін орны бөлек мереке
ТАРИХЫ ТЕРЕҢНЕН БАСТАУ АЛҒАН ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ КӨКЖАР ЖӘРМЕҢКЕСІНІҢ ІЗІНДЕГІ ОЙЫЛ ӨҢІРІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ОБЬЕКТІЛЕРІ ДАМЫП, ЕҢ БАСТЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫН САҚТАП ҚАЛҒАН БІРДЕН-БІР АУДАН. ОЙЫЛ ӨҢІРІ ҮШІН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ - ЕЛ ӨМІРІНДЕ ЕРЕКШЕ ОРЫН АЛАТЫН САЛАЛАРДЫҢ БІРІ. ОСЫ ОРАЙДА ДИҚАНДАРДЫҢ, МАЛШЫЛАРДЫҢ, МЕХАНИЗАТОРЛАРДЫҢ, БАСҚА ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ — ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУҒА ҚОСЫЛҒАН БАҒА ҒАНА ЕМЕС, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ АЙНАСЫ.
Ағымдағы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласына 283 256,8 млн.теңгенің инвестициясы салынып, ауыл шаруашылығы техникалары мен құрылғылары алынды, оның ішінде өз қаржылары есебінен 228239,0 мың теңге салынды. Оның ішінде 28 шаруа қожалығына 87,5 млн.теңгеге электр қуатын өндіретін күн батереялары, бензинді электростанция, су сорғы құралы қондырылып қолдау көрсетілді. Аудан бойынша 11 кооператив тұрақты жұмыс істеуде. Атап өтсек, біздің аймақта жылқы саны артып келеді. Нақтырақ айтсақ, ауданда 9760 жылқы бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының арқасында агроөнеркәсіп кешеніне ерекше көңіл бөлінуде. Осы жыл ішінде қала мен ауылдық округтерде шағын және орта бизнес саласы, мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде.
Осы орайда өткен аптада сан ғасырдан ата-кәсіппен айналысып келе жатқан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі айрықша аталып өтті. Айтулы мереке таңертемен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесімен басталды. Жәрмеңкеге әдеттегідей ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Жәрмеңке сөрелеріне ет өнімдері толтырды. Санаулы күндерден кейін қыс айы кіреді. Сондықтан күздің қара суығынан-ақ қыстың қытымыр ызғарын ескерген жұртшылық жәрмеңкеден бос қайтпады. Жылқы, сиыр, қой еттерін таласа-тармаса алып кетті. Қыс таяған сайын етке сұраныс артып келеді. Сондықтан бұл жолы әр ауылдық округтен келген шаруашылықтар ет өнімдерін молынан әкелді. Тоқтала кетсек, сарбиелік «Рақым» шаруа қожалығы мен көптоғайлық «Мәтжан» шаруа қожалығы қой етін 1250 теңгеден ұсынса, ойылдық «Елдос» шаруа қожалығы мен көптоғайлық «Мәулен» шаруа қожалығы сиыр етін бірі 1400-1500 теңгеден сатты. Сонымен бірге Ойыл ауылдық округінің «Тәуекел» шаруа қожалығы жабағының етін 1600 теңгеден ұсынды. Әрі қарай жалғасақ, мерекеге жиналған көпшілік аудандық мәдениет үйінің фойесіндегі ауданның ауыл шаруашылығы саласында абыройлы еңбек еткен өңірдегі аты мәшһүр еңбек ерлерінің еңбектері жинақталған көрмені тамашалады. Көрмеге Ш.Берсиев атындағы Өнер және өлке тану музейі мен аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы ұйытқы болды. Одан кейін ауыл шаруашылығы қызметкерлері мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараның шымылдығы ауданымыздағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы бейнебаянмен түрілді. Келесі кезекте аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйіндік Өскінбаев сала бойынша кеңірек тоқтала отырып, барша шаруа қожалық төрағалары мен қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар жиылған көпшілікке аудан әкімінің атынан құттықтау тілегін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Асылан Кенжебаев сала бойынша ауданның көрсеткіші жоғары екендігін атай келе, ауданда тұрғындарын мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, ауыл шаруашылығы саласын әліде дамытуға шақырды. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіби мерекесіне орай ауыл шаруашылығы саласына қосқан қажырлы еңбектері үшін айтулы саланың саңлақтары облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің, Ақтөбе облысы, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың және аудан әкімі асқар Қазыбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ айтулы мерекеде ауыл шаруашылығы саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қарапайым шаруаларға «Үздік шопан», «Үздік тракторист» номинациялары берілді. Әрі қарай айтулы шара аудан өнерпаздары тарту еткен клнцерттік бағдарламаға ұласты.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,
Ойыл селосы.