Әлеумет
Энергетиктер құрметке бөленген күн
Тұрмыстың тауқыметін тартқан ауыл тұрғындары «Суға, газға, жарыққа төлеген ақша адал» — дейді. Шынында да солай. Ойылдың тұрғындары қазір бұл үшеуінің де иігілін көріп отыр. Бірақ, алғашқы екеуінің тұрғындарға қалыпты жетуі соңғысына тікелей тәуелді…
22 желтоқсан күнтізбе бойынша түннің шегіне дейін ұзаратын күні. Демек, жер бетінде электр қуатының ең көп тұтынылатын күн. Энергетиктер мерекесінің осы белгіленуін осылай байланыстырады. Әдеттегі дәстүрмен ауданның энергетиктері дәл сол күні өз мерекелерін атап өтті. Салтанатты сәтке арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Аслан Кенжебаев аудандағы энергетиктерді төл мерекелерімен құттықтап, жоғары кәсіби шеберлігі мен еңбектегі жетістігі үшін «Энергосистема» ЖШС-і Ойыл аудандық электр желісі учаскесінің механизаторы Болат Сұлтановқа «Еуроазиялық өндірістік компаниясы» АҚ-ының Құрмет Грамотасын табыстады. Саланың басқа да қызметкерлері жоғары басшылық тарапынан мерекелік марапаттарға ие болды.