Референдум

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Ойыл аудандық коалициясының мүшелері Еркін Жиеналин, Сәкен Займолдин, Марат Арыстанов, Серікбай Қойбағаров, Молдашқали Қазмұханов Ойыл аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорт саласының қызметкерлері мен спортшы жастармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ел өміріндегі маңызды саяси науқан – алдағы референдумның мәні мен маңызы түсіндіріліп, ұсынылып отырған өзгерістердің қоғамның дамуына, жастардың болашағына және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталғаны туралы айтылды.

Сонымен қатар спорт – ұлт денсаулығының кепілі, жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құралы екені атап өтілді. Жастардың спортпен шұғылданып, ел намысын қорғайтын азамат болып қалыптасуы – мемлекеттің тұрақты дамуына қосылған үлкен үлес екені айтылып, кездесуге қатысушылар пікір алмасты.

Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, қатысушылар өз ойларын білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.

Related Articles

Back to top button