Әлеумет
Жастар жылы жемісті жыл болды
Аудандық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні аудандағы жастар саны (14-29 жас аралығы) 5364 адамды немесе аудан тұрғындарының 31% құрайды.
Осы орайда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім. Айтулы жылда аудан жастарымен атқарылған игі шаралар да жетерлік. Осы орайда бүгін «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында «Youth Fest — 2019» атты «Жастар жылын» қорытындылау кеші өткізілді. Жастар жылының қорытындылау кешіне аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев пен ауданның белсенді, бастамашыл жастары қатынасты. Айтулы шара барысында ең үздік, ең белсенді ауыл жастары марапатталды. Сонымен бірге әр ауылдық округтен келген ауыл жастары жанды дауыста ән шырқап, өнерлерін ортаға салды. Өткен жыл аудан жастары үшін жемісті жыл болды. Ауданның белсенді, бастамашыл жастарымен бір жыл ішіндегі атқарылған игі шараларға кеңірек тоқталсақ, Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы Ойыл ауданының жастар саясаты мәселелері бойынша аудан аумағындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласын ұйымдастыратын бірден — бір мекеме болып табылады. Осы орайда Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығы 2019 жыл Жастар жылында ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатын әр түрлі әлеуметтік бағытта жұмыста жүргізіп келеді. Мемлекетіміз жасаймын дегенге жұмыс, көтерілеміз дегенге көмек қолын аяған емес. Жастардың келешегі үшін әр-түрлі бағдарламалар ұйымдастырылған. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші маңызды рөлге ие. Осы бағытта ауданымызда жастарды жұмыспен қамтуды мақсат ететін «Жасыл ел», «Дипломмен — ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Гүлдене бер, туған ел!» марафон-эстафетасы сынды жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. «Дипломмен — ауылға!» жобасы аясында 2019 жылы ауданға 48 жас маман келген. 20 жас маманға «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. Нақтырақ айтсақ, жастар білімді болуы шарт, сонымен қатар озық елдің қатарына кіруі үшін кәсіп ашуы қажет. Осы мақсатта жастарды қоғам сұранысына сәйкес кәсіпке баулу өте маңызды. Бизнеспен айналысам деушілерге қолайлы жағдайлар жасалған. Кәсіптен нәсіп тауып отырған ауданда барлығы 64 жас кәсіпкер бар. Адал еңбекпен берекесі кіріп отырған, табысты кәсіпкер болуға талпынған жастар саны жылдан-жылға артып келеді. Ойыл аудандық жастар ресурстық орталығымен Жастар жылына орай өткізілген бірқатар іс-шаралар тоқталсақ, есепті кезеңде 2019 жыл басынан бері барлығы 222 шара өткізіліп, оған 15725 жас қатыстырылған.
Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ.