Референдум
Референдум – халық бірлігінің кепілі

Қазіргі қоғамда елдің тұрақты дамуы мен болашағы халықтың бірлігіне тікелей байланысты. Халықтың пікірін ескеріп, маңызды шешімдерді бірге қабылдау – демократиялық мемлекеттің басты қағидаларының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, референдум халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін маңызды құрал болып табылады.
Референдум – азаматтардың мемлекет өміріндегі маңызды мәселелер бойынша тікелей дауыс беруі. Бұл процесс халықтың ел тағдырына бейжай қарамай, белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Әр азамат өз таңдауын жасап, ортақ шешім қабылдауға үлес қосады. Мұндай қатысу адамдар арасында жауапкершілік сезімін арттырып, қоғамдағы ынтымақтастықты күшейтеді.
Бағытқалиқызы Аяжан
Кітапханашы


